Отандық үш әуе компания жұмыстарын тоқтатуы мүмкін
Отандық үш әуе компания жұмыстарын тоқтатуы мүмкін
8 жыл бұрын 3211

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап отандық әуе компаниялар «IOSA» сертифаттық тексерісінен өтуі керек. Осы ретте еліміздің бірнеше әуе компаниясында аталмыш сертификат жоқ деп айыпталуда.  

Салдарынан "Бек Эйр", "Жезқазған Эйр" және "Жетісу Эйр" әуе компаниялары жұмыстарын тоқтатуы бек мүмкін. Алайда аталған компаниялардың қолдарында Қазақстан аумағында ұшуға арналған құжаттары бар екен. Яғни, 2017 жылдың 24 қарашасына дейін жұмысымызды тоқтатпаймыз деп отыр олар. Өйткені 2015 жылдың қараша айында "Бек Эйр" әуе компаниясы азаматтық авиация комитетінен ұшу жөнінде куәлік алған екен. Соған сәйкес әуе компаниясының мамандары тұтынушылардың уайымдауына еш негіз жоқ дейді. «IOSA» сертифатты жоқ деп айыпталған қазақстандық үш әуе компаниясы өздеріне әдейі қастандық жасалып отыр дегенді алға тартып әлек. Өйткені жекеменшік үшеу аты дардай билет құны қымбат Қазақстандағы өзге әуе компанияларының алдын орап, оларды тұтынушысыз қалдырған. Айта кетейік, аталмыш сертификатты алу үшін әр компания шамамен 1 жарым млн доллар жұмсауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат