Қорғалжын қорығының ахуалы алаңдатады
Қорғалжын қорығының ахуалы алаңдатады
8 жыл бұрын 6585

Қорғалжын  қорығы  жайында  басылымдарда, ғылыми  зерттеулерде аз  жазылған  жоқ. Құлашын кеңге  сала  шалқып жатқан  сайын  даланың төсіндегі Алланың жарылқауымен орнай қалған жер жәннаты іспеттес Теңіз, Қорғалжын көлдері неше түрлі  қанаттылардың, алуан балықтардың және атақты Қоқи қаз-Фламингоның мекені. Кеңестік дәуірде егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан Қорғалжын  ауданында  негізінен  өз бауырларымыз-қазақтар тұрады. Ауданда өнеркәсіп жоқ. АУДАН Орталығы – Қорғалжында аурухана, орта кәсіптік  училище бар. Осыдан бірер жыл бұрын  әскери  училище  бар болатын, ол жабылды.Іскер басшылар табылса  бір ғана Қорғалжын қорығын туризмнің  салысна қосып, ауданның  экономикалық әлеуеттерін арттыруға қолқабыс жасауға болар еді. Бірақ, мен білмейтін себептермен  бұл қадам жасалмай отыр. ЕГЕРКИ НҰРлы  жол бағдарламасы бойынша салынатын Орталық-Батыс автомобиль жолы-кең құлашты замануи даңғылы  іске қосылса, инфроқұрылымдар жанданып, Қорғалжын қорығы туризмнің барар, қызықтар жеріне айналуы мүмкін. Әзірге Сабынды ауылында ғана кішілеу ет комбинаты жұмыс ісеп тұр. Естуімше, оған тіпті Астанадан барып-келіп жұмыс істеп  жүргендер бар екен. Таяуда, жолдағы  туған  ауылым-Жантеке селосының әкімі  Құсайын Жұмашев ініммен хабарластым. Ауылдағы ел амандықта, сырттан келер көмекті күтіп отырған сыңайлы. Өздері қарекет қылуға жоқ секілді. Қолдарындағы қой-ешкілерінің жібек жүндерін иіріп, текемет тоқуға, киіз басуға болмас па еді. Қорғалжынның іргесінде саз балшықты жерлер көп. Шіркін, қолы епті кәсіпкер табылып, Қорғалжынның басынан Кірпіш зауытын ашса, қорғалжындықтар жұмыс табылар еді, құрылыс та қолға алынар еді. АУДАН ӘКІМІ ОЙЛАНСА, шіркін. Мемлекеттің тарапынан осы заманда кәсіп жасаймын дегенге көмек те, несие де жетерлік. Тіпті ауыл шаруашылығы МИНИСТРЛІГІ қошқар мен саулықты да мал өсіремін дегендерге  несиеге беріп жатқан жоқ па.Мені  толғантатын Теңіз көлінде мекен ететін фламингалардың жағдайы.Елдегі еті тірі адамдар сол Қызыл қаздардың, Фламингалардың қорегі-қызылкүлгін балдырларды КӨЛ ҚАЙРАҢЫНАН СҮЗІП АЛЫП, қапқа салып, ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ САТЫП ЖАТҚАН көрнеді.Түбінде  табиғаттық апатқа  соқтыратын  осы  қылмысты іске ауданның  басшылығы мен құқық қорғау органдары неге тосқауыл қоймай отырғанына қайранмын.

Смағұл Рахымбек

0 пікір
Мұрағат