Отандық ғалымдыр озық технологиялық шамдар ойлап тапты (видео)
Отандық ғалымдыр озық технологиялық шамдар ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 4066 24.kz

Алматылық ғалым Мерлан Қылышұлы әріптестерімен бірлесіп, электр қуатын үнемдейтін шамдар жасап шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінің ұстазы бұл инновациялық жобаны 5 жыл зерттеген. Плазманың кванттық қасиеттерін зерттей келе, газдың разряд құрамына нанобөлшектерді енгізіп, олардың жарық беру қуаты артатыны білген. Яғни электр энергиясын үнемдейтін шамдардың жаңа әдісін көрсетті. «Бұл– ұжымдық еңбек» дейді ғалым. Ол бүгінде патенттелініп, қолданысқа енгізілуде. Мерлан Досболаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты: - Параметрлері жағынан қазіргі таңда қолданып жүрген электр шамдарынан жоғары. Яғни экономикалық тиімді. Жарықтылығы жоғары. Тиімділігі көрініп тұр. Шағын зауыттар салуға болады. Осылайша, шағын өндірістерді немесе сұранысқа ие болған орындарды қамтамасыз етуге болады.

 

Қазақстандық ғалым күрделі дерттерді емдеуде көмегін тигізетін нанотехнология ойлап тапты

Онкологиялық аурулар мен бедеуліктің шығу себебін энергетикалық зат алмасудың бұзылуынан іздеу керек. АҚШ-тың медицина университетінің профессоры, отандасымыз Зульфия Орынбаева осылай деп отыр. Қазақстандық ғалым америкалық әріптестерімен бірге аурудың белгілерін анықтау және күрделі дерттерді емдеуде көмегін тигізетін нанотехнология ойлап тапты. АҚШ-тың алғашқы астанасы болған Филадельфия қаласы жуырда қазақстандық ғалымдардың жаңалығының арқасында әлемге әйгілі болуы мүмкін. Осындағы Дрексель университетінде Зульфия Орынбаева жұмыс істеуде. Қазақстандық ғалым – «Митахондрий Патофизиологиясы» зертханасының мегірушісі. 8 жыл бұрын оны нанотехнологиялық жобаға қатысу үшін АҚШ-қа шақырған. Осыған дейін ғалым диабет, бедеулік, жүрек қан тамырлары мен қатерлі ісік ауруын емдеудің тың тәсілдерін тапты. Зульфия Орынбаева, Дрексель университетінің профессоры: - Мен мұнда қатерлі ісік ауруының биоэнергетикасын зерттеумен айналысып жатырмын. Ғылымның үздіксіз 90 жыл бойы дамуының арқасында қатерлі ісіктің генетикасын зерттеуге қол жеткіздік. Дегенмен адамдар қатерлі ісік тұқым қуаламайтындығын түсінді және оның себебін энергетикалық зат алмасудың бұзылуынан іздеу керек. Ал наномедицинада біз наноматериалдарды, оның құрылымын қарастырып, медициналық ауруларды емдеуге қолданылуын зерттейміз. Онкологиялық ауруларды зерттеу АҚШ-та 1971 жылы басталған. Дегенмен бүгінге дейін одан құлан таза айығып шығудың амалдары талған жоқ. Борис Поляк, Дрексель университетінің профессоры: - Зульфия тыныс алуды өлшеу туралы қызықты әдіс ұсынды. Ол арқылы магниттік бөлшектер жүктелген жасушалар қызметінің басқаларға қарағанда өзгеше жұмыс істейтінін анықтадық. Біз енді жасаушалардың әркелкі күйде екендігін бір-біріне кедергі келтірмейтіндігін білеміз. Зульфияның бірегей зерттеулерінің бірі – репродуктивті медицина. Оның ішінде аналық организмге қондырылатын ұрықтарды іріктеу. Бүгінде Филадельфиядағы медициналық университетте ғалымдар эмбрионның өмір сүру қабілеті мен оның денсаулыққа әсерін тексеруде. Геннадий Фридман, Дрексель университетінің профессоры: - Зульфия көптеген емдеу технологияларын ұсынды. Оның бірі – жасушаларға өте кішкене түтіктерді енгізіп, олардың жұмысын өзгертуге болатындығы. Осы түтік арқылы дәрілер егуге, молекулаларды зерттеуге болады. Бұл Зульфияның ғылымдағы үлесінің бірі ғана. Ішкі ағзаларды қарайтын медициналық аспаппен дәрігерлер адамның ауруын қарайтын. Енді эндоскопты жасушаларды зерттеу үшін де қолдана аламыз. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері табысты жүзеге асырылуда. Профессор Зульфия Орынбаева Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Ellis Island атты американдық марапатқа ие болды. Ғалым қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Бұл білім ордасының студенттерін АҚШ емханаларында тәжірибеден өткізуді ұйымдастырады. Зульфияның ендігі жоспары – қазақстандық ғалымдардың басын қосып, өздерінің жеткен жетістіктерін көрсететін және отандасымыз Техастағы онкология орталығының профессоры Дос Сарбасовтың ғылымдағы жаңалығын жария ететін құрылтай өткізу. Зульфия Орынбаева жұмыстан кейін Филадельфиядағы үйіне асығады. Оны зайыбы Қайыр Іргебаевпен Жазира мен Жанар деген қыздары күтіп отыр. Қыздары да АҚШ-тың беделді университеттерінде білім алуда. Отбасында қазақтың дәстүрлі сақталған. Келген қонақты ұлттық тағамнан дәм татырмай құр қол қайтармайды.

0 пікір
Мұрағат