Ораза айт мерекесінің бағдарламасы
|
![Ораза айт мерекесінің бағдарламасы](https://static.islam.kz/uploads/images/cPU/W76/wlVLQTU343aUD8PY-lg.jpg)
Қасиетті айдың қуанышын сүйіншілейтін Ораза айт күндері елорда мешіттерінде түрлі шаралар ұйымдастырылмақ.
2014 жылдың 28-шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылып, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.
Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сағат 10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылады. Сондай-ақ, қазақи дәстүрімізге сай ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, терме-жырлар жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Барша елордалық мұсылмандарды мерекелік айт намазына қатысып, мәдени шараларды тамашалауға шақырамыз.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)