Жас қазақ ғалымының жаңалығы
Жас қазақ ғалымының жаңалығы
9 жыл бұрын 4936

Жас қазақ ғалымы Ерлан Досанов «Еуразияның үздік жас ғалымдары» атты халықаралық байқауда топ жарып, жеңімпаз атанды. Аталмыш байқауда әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден аса жас ғалым бақ сынады. Бұл жайында «Хабар» телеарнасы ақпарат таратты. Жерлесіміз осы байқауда «Адам экологиясы» аталымы бойынша жүлделі орынға ие болды.  Ерлан Досанов – PhD докторы және ғылыми қызметкер. Жасы 35-ке толмаса да оның есімі еліміздің және шетелдің ғылыми ортасында жақсы танымал. Қоршаған ортаны қорғау саласына маманданған жас ғалым мұнаймен ластанған топырақты микроағзалар арқылы тазартудың өзгеше тәсілін ойлап тапты. Оның жаңалығының ерекшелігі сонда: микроағзаларды қышқылдандыратын оттегі қолданылады. Бұл өз кезегінде мұнайдан ластанған топырақты 73-90 пайызға дейін тазартады. Тек тазартып қана қоймай, топырақтың құрамын жақсартады.

0 пікір
Мұрағат