|
Еліміздің селекционерлері тайыншадай қой өсіруде
|
Атырау селекционерлері салмағы жағынан тайыншадай болатын қой өсіруде. Бұл жайында «24.kz» ақпарат көзі хабар таратты. Еділбай тұқымына жататын қойдың салмағы 100-ден 150 келіге дейін тартады. Бір қойдан 3 келіге дейін жүн алуға болады. Аптап ыстыққа да, қақаған аязға да төзімді қойды қыстың көзі қырауда қорада қамап ұстамаса да болады. Яғни, 40 градус аязда да өз бетінше жайылады. Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, оның етіне сұраныс өте жоғары. Оның еті тек аймақта ғана емес, сонымен қатар, Ресей мен Кавказда үлкен сұранысқа ие.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)