|
40 жастағы артық салмақ адамды аурушаң етеді
|
Адам ағзасын зерттеген Финляндия ғалымдары ескермеуге болмайтын жәйтті жайып салды. Ғалымдардың айтуынша, 40 жастағы артық салмақ қартайған шақта түрлі ауруларға себеп болады. Осыған балйанысты өткізілген тәжірибеге 70 жасқа дейінгі 1 мыңнан аса адам қатысқан. Қатысушылардың әрқайсысы алдын ала медициналық тексеруден өткізілді. Сөйтіп, мамандар 40 жасында артық салмақта болған адамдардың жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғанын анықтай алды. Мұндай жаста семіздікке шалдыққан науқастардың өзге де аурулары болыпты. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, орта жастағы әрбір адам өз салмағын мұқият қадағалап, семіздікке жол бермеуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, мұның соңы теріс салдарға апарып соқтырады, деп жазады aone.ws.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Иран жыл басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасын кесіп, рекорд орнатты
■
Үндістанда сиыр зәрін қолдан жасайтын алаяқтармен күрес күшейтілді
■
Жұмыссыздарға енді бос жұмыс орындары туралы ақпарат келіп отыратын болады
■
Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды