Елбасы жаңа мешіттің ашылуында болды
|
![Елбасы жаңа мешіттің ашылуында болды](https://static.islam.kz/uploads/images/LZi/6Za/6BXlqTmFOO9YhYw7-lg.jpg)
Елбасы Қазақстанның барша мұсылман қауымын ертең басталатын қасиетті Рамазан айымен құттықтады!
– Бұл айда жұрттар, Құран Кәрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сәйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі және олар мейірім, бақыт, береке-бірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау, күнәларынан арылу және медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді тілеймін, – деді Елбасымыз.
«Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешітті көру барысында Нұрсұлтан Назарбаев оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті.
– Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Мешіттің жалпы алаңы – 1087,6 шаршы метр, жерінің аумағы – 8 гектар, мұнарасының биіктігі – 28,9 метр. Ғимараты 1500 адамға лайықталған.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)