Елбасы 29 баланы өлімнен аман алып қалған
Елбасы 29 баланы өлімнен аман алып қалған
9 жыл бұрын 3130

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» сыйлығынан түскен қаражатты «Милосердие» қайырымдылыққорына бағыттауының арқасында жедел түрде отаға мұқтаж 29 баланыңөмірін өлімнен сақтап қалуға көмектесті.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның патриоттар форумында қордың директоры Аружан Саин мәлім етті.

«Жақында Нұрсұлтан Әбішұлы Қытай Халық Республикасының «Жібек жолы» сыйлығынан түскен қомақты қаражатты біздің қорға аударған болатын. Бүгінгі уақытта 29 балаға өмірін сақтап қалуға қажетті оталар жасалып, соның арқасында ол бүлдіршіндер жарық дүниенің қызығын ұзақ көруге мүмкіндік алып отыр», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, оның президентпен болған әр кездесулері балалардың өмірлерін сақтауға арналып келді.

«2010 жылы «Көркем шуағы» кездесуі барысында біз жүректерінде ақауларымен туған балалар мәселесін көтердік. Осы жүздесуден соң, Қазақстанда ауруханалар салынды да, осындай аурулармен туған талай шақалақтың одан әрі өмір сүріп кетуіне қажетті оталар жасалды. Бүгінде мыңдаған бала дерттерінен айығып кетті, себебі біздің елде оларды емдейтін дәрігерлерге барлық жағдайлар жасалған», – деп атап өтті Саин.

Қор басшысының айтуынша, қазіргі Қазақстан қоғамында жанашыр жандар көбейіп келеді және кез келген азамат бір-біріне көмек қолын созуға даяр.

«Біздің қорда «Балаларға өмір сыйла!» шарасы аясында сіздердің арқаларыңызда, барлықтарыңыздың көмектеріңізбен 10 жыл ішінде 1300-ден астам баланың өмірі аман қалды. Бұл үлкен бақыт, себебі адам үшін ең қымбаттысы – бала», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Аружан Саин Қазақстанда жетімдер үйлерін азайтуға бағытталған «Қазақстан жетім балаларсыз» жобасына да тоқталды. Осы жобаның арқасында 500-ден астам бала өз отбасыларын тапты.

«Біздің балаларымыздың өмірін өзгертетін, осылайша болашағымызды өзгертетін тамаша адамдарды кездестіру қандай бақыт екенін білсеңіздер ғой», – дейді Аружан Саин.

0 пікір
Мұрағат