Ел жаңалықтары: Қазақ хандығының 550 жылдығының логотипі шықты
Ел жаңалықтары: Қазақ хандығының 550 жылдығының логотипі шықты
9 жыл бұрын 9173
Индустриаландыру бағдарламасы аясында 7 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл елімізде жаңадан 7 мың жұмыс орны ашылатын болады.Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев мəлім етті. - Біз индустрияландырудың жүйелі мəселелері бойынша жұмыстарымызды жалғастырудамыз. Соның ішінде инвестицияларды тарту, класстерлерді дамыту, еңбек өнімділігін арттыру сынды жұмыстар бар. Осы жылы индустрияландыру картасы аясында 75-ке тарта жобаны қосу жоспарланып отыр. Яғни, 7 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, - деді министр.Биыл "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" Халықаралық көлік магистралі толықтай пайдалануға берілетінін де жеткізді.

 

2016 жылы Қызылорда облысында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станса салынады

2016 жылы Қызылорда облысында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станса салынады. Бұл жайында аталмыш облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Күн сәулесінен 50 мегаваттық электр энергиясын өндіретін станса Жаңақорған ауданында салынып жатыр. «Электр энергиясына деген облыс қаажеттілігі – 54 мегаватт. Осылайша станса құрылысы аймаақтың эенргиялық тәуелділіктен арылуға көмектеседі. Аталмыш стансаны "Bas energy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салады. Инвестиция мөлшері 65 теңгені құрады.

 

Қазақстанда эхинококкозбен ауырғандар саны өскен

Елімізде 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда қызылша (4,4 есе), қызамық (4,2 есе), іріңді менингит (2,3 есе) ауырғандар санының өскені байқалған. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 2014 жылы 2174 оқиғаны (2013 жылы– 1941 тасымалдаушылар) құрады, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 29 АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылар саны (2013 жылы – 33 тасымалдаушы) анықталды. Тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы - халықтың 100 000 адамына шаққандағы ауру-сырқау оқиғалар саны 4430,5 (2013 жылғы тиісті кезеңде – 5250,6) оқиға, ішектің өткір жұқпасы – 76,2 (86,5), тыныс органдарының туберкулезі – 57,4 (64,0), мерез – 31,3 (35,5), вирустық гепатит – 5,9 (6,8), битшеңдік – 9,9 (9,0) және қышыма – 3,8 (4,9) болды. 2014 жылғы желтоқсанда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда эхинококкозбен (6,2 %) ауырғандар саны өскен және диагнозы алғаш рет қойылған бруцеллезбен (6,8 %) ауырғандар саны азайған. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 163 оқиғаны (2013 жылғы желтоқсанда – 106) құрады.

 

Павлодар облысында 5 мыңнан астам шағын кәсіпорын ашылған

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Павлодар облысындағы шағын кәсіпорындар қатары едәуір артқан.Сарапшылардың мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айынан бері өңірдегі шағын фирмалар саны 4,9 мыңға көбейіп, 5,4 мыңға жеткен.

Қазақстанда қаңтар айында белсенді компаниялардың қатары 7,7 мыңға артты. Бүгінде заңды тұлғалар саны 110,7 мың бірлікті құрады. Жаңа компаниялардың саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Үстіміздегі жылдың қаңтарында оңтүстік астанада 22,1 мың фирма тіркелген.

Шымкент дүкендерінде отандық өнімдерге арналған сөрелер пайда болды

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған!» жалпыұлттық акциясын өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, Шымкент қаласындағы сауда орындарында отандық өнімдер үшін арнайы сөрелер орнатылып, онда елімізде өндірілген тауарлар қойылды. Шаһардағы «Фиркан», «Шаһан» сауда орталықтарында арнайы сауда қатарлары пайда болды. Отандық өнім өндіруші компаниялар мен кәсіпорындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға тұрғындар бірауыздан қолдау білдіріп, Қазақстанда өндірілген азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды сатып алуда белсенділік танытуда. Осылайша оңтүстікқазақстандықтар елімізде жасалған тауарларды тұтыну арқылы ел экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосатынын ұғынып отыр. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді насихаттау және тұтынушылар көп шоғырланатын өтімді орындарда сату бағытында атқаралатын шаралар өңірдегі ірі сауда орындарында іске асады деп жоспарлануда.

 

Қазақстан Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады

Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады. Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуі барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

"Сарапшылар 2020 жылға қарай Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 60 пайыздан асады деп болжауда. Осыған байланысты біз де бірқатар шараларды қолға аламыз. Биыл "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің қазақстандық бөлігінде құрылыс аяқталады, бұл - 2700 шақырым автокөлік жолы. Бұл автокөлік дәлізі Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүкті 45 күннен 14 күнге дейін қысқартады. Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады. Бұл Тынық мұхитты Каспий теңізімен жалғастырады, Қытайды Орталық Азия елдерімен, Батыс Еуропамен байланыстырады. Баршаңыз өткен жолы Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолының іске қосылғанына куә болдыңыздар", - деді мемлекет басшысы. Президент осының барлығы Қазақстанды аймақтық-көліктік коммуникациялық бизнес пен қаржы хабына айналдыруға бағытталған шаралар екенін атап өтті. Сонымен қатар, елбасы ағымдағы жылы шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандыру шаралары туралы заң күшіне енгенін айтты. "Тұтастай алғанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, "Нұрлы Жол", ЭКСПО-2017 көрмесі - осының бәрі шетелдік әріптестерімізбен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ең тиімді жағдай жасайды деп сенеміз", - деген мемлекет басшысы шет елдермен жұмыс істеуге Қазақстан қашан да ынталы екенін жеткізді.

 

ХАНДЫҚ ТАРИХЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ЛОГОТИПІ ШЫҚТЫ

"Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған ресми логотип шықты. Бұл жайында Qamshy.kz порталы хабар таратты.

Қазақстан рәміздеріндегі элементтер мен түсер қолданылған ресми логотип енді "Қазақ хандығының 550 жылдығын" білдіретін болады. "Шаңырақ - мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі делінген логотип туралы түсініктемеде. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн – уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран ҚР-ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді. Көк түс және оның түрлі реңкі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тілінде “көк” сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады" делінген "Қамшы.кз" жариялаған ақпаратта.

0 пікір
Мұрағат