БҰҰ даму бағдарламасы арқылы еліміздегі қар барысын сақтап қалу қолға алынды
БҰҰ даму бағдарламасы арқылы еліміздегі қар барысын сақтап қалу қолға алынды
8 жыл бұрын 2857 khabar.kz

Апорттың атасы – сиверс алмасын жандандыру және Қызыл кітапқа енгізілген барыстың санын бақылау қажет. Биыл Іле Алатауы ұлттық қорының құрылғанына 20 жыл.  Алматыда ұлттық қорықтар мен ғалымдар табиғи паркті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік резерваттары қатарына қосу турасында сөз болды. 2 жүз мың гектар аумақты алып жатқан Іле-Алатауы ұлттық паркінің табиғаты өте бай. Мұнда өсімдіктің 1300-ден астам түрі өседі және жануарлардың 300-ге жуық түрі бар.  Парк мақтанышы – қар барысы. Әлемде сирек кездесетін жыртқыш аң төрт мың метр биіктікте тіршілік етеді.  Марлен Айнабеков, «Іле Алатауы» Ұлттық табиғи паркінің директоры: - Бүгінгі күнге біздің тауымызда 42 бас барыс деп есептеп отырмыз. Биыл тағы да Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы арқылы барыспен жұмыс істеліп жатыр. Санын алып, биыл ғылыми зерттеу жұмыстарын тағы да бастап жатырмыз. Алдағы үш жылда оған Іле-Алатауы, Алтай, Алтынемел және Қаратау табиғи қорықтарын енгізу қарастырылуда. Бұл табиғи аймақтар осы санатқа енгізілсе, халықаралық ғылыми жобаларға қатыса алады. Алмас Сәдуақас, тілші: - Бұл тізімге ену үшін табиғи парк жануарлар дүниесі мен өзен-суға бай болуы керек. Ол жердің экожүйесіне адам тарапынан нұқсан келмеуі тиіс. Бұл – басты шарт. Бұған қоса, аймақта туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасалу қажет. Міне, Іле-Алатауы осы талаптарға сай парк саналады. Алатау баурайы алманың отаны саналады. Бүгінде жабайы алманың көлемі 80 пайызға азайған.  Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ұлттық парк ғалымдары Алматы селекциялық орталықпен бірлескен жобаны бастаған. Раиса Төреханова, «Іле Алатауы» Ұлттық табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері: - Жабайы сиверс алмасының табиғи таралуы бәсең. Сондықтан, біз алдымен көшеттерді өсіруді қолға аламыз. Ол үшін Түрген тауындағы, Белшабдар шатқалында 2 гектар жерді дайындап қойдық. Қазақстанның әсем табиғатын тамашалауға бүгінде туристер көптеп келе бастаған.  Мәселен, Іле-Алатауы ұлттық паркіне өткен жылы 200 мыңға жуық адам саяхаттапты.

0 пікір
Мұрағат