|
Қазақстан халқының саны бір жылда 257 мың адамға артқан (видео)
|
Өсім бар. Қазақстан халқының саны бір жылда 257 мың адамға артқан. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынған мәліметтерге сай 2016-шы жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша қазір ел халқының саны 17 миллион 733 мың адамды құрайды. Олардың 10 миллионнан астамы қала тұрғындары, 7 миллион 6 мыңдай адам ауылдарда тұрады. Бала туу деңгейінде де оң динамика тіркелген. 2016-шы жылдың қаңтар-наурызындағы жағдай бойынша 99 мың сәби дүниеге келіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 7 пайызға артқан. Сәйкесінше Қазақстанның әр 1000 тұрғынына келетін жаңа туған сәби саны 21-ден 22-ге дейін көбейген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады
■
Оңтүстік Азия елдері шетелден қаржыландырылатын ұйымдарға талапты қатайтып жатыр