|
Мектеп бітірушілер кешіне тыйым салынды
|
Өзбекстанда 9-шы сыныпты аяқтаған оқушыларға мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, емтиханға және мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға рұқсат жоқ. Орта білім ордасының мұғалімдері мен директорлары аталған тыйымды бұзбау жөнінде қолхат жазып беріп жатыр. Тағы бір айта кететін жайт, ашық алаңда өтетін дәстүрлі «соңғы қоңырау» шарасы бір сағаттан артық уақытқа созылмауы тиіс. Салтанатты шараны тек мектеп мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар, ата-аналар, тәртіп сақшылары қадағалайтын болады. Бұл жайында «islamreview.ru» порталы «CA-News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған тыйым елдің білім беру министрлігі тарапынан осымен екінші жыл қатарынан салынып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді