Бимаханбетовтер "Мерейлі отбасының" жеңімпазы атанды
Бимаханбетовтер "Мерейлі отбасының" жеңімпазы атанды
10 жыл бұрын 5386 baq.kz

Биыл алғаш рет өткізілген "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпазы анықталды. Бір айға жуық уақыт өткен дауыс беру науқанының қорытындысы бойынша оңтүстікқазақстандық Бимаханбетовтер отбасы үздік атанды. 

Жеңімпаз отбасыларды құттықтаған Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар жайында айтып, туыстық қатынасты, отбасындағы бірлік-берекені бағалауға шақырды.
"Елімізде 149 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала қолдауды қажет етеді. 7 мыңнан астам қария бүгінде қарттар үйінде тұрып жатыр. Ал, олардың көпшілігінде жағдайы жақсы ұл-қыздары бар. Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратын қатігез ұрпақ пен баласынан жеритін көкек ана бізде ешқашан болмаған. Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау әрбір адамның қасиетті борышы. Біз қандай жаугершілік заманның өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз" деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Елбасы байқау жеңімпазына жаңа көліктің кілтін табыс етті.

"Байқау жеңімпазына Қазақстанда шығарылған әмбебап шағын автобустың кілтін табыс етемін. Қазіргі уақытта біз автомобиль шығаратын елге айналып отырмыз. Бұл - отандық өндірістен шыққан отбасылық көлік», - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көліктің кілтін отбасы отағасы Елтай Бимаханбетовтің қолына ұстатты..

Бимаханбетовтер отбасы 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10-нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимағанбетұлы - мәдениет саласының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы.

0 пікір
Мұрағат