Ақорда және Үкімет Үйінің суреті тауар белгісі ретінде тіркелді
Ақорда және Үкімет Үйінің суреті тауар белгісі ретінде тіркелді
10 жыл бұрын 7718 baq.kz

ҚР Президенті іс басқармасы ҚР Президенті Резиденциясы «Ақорданың» және «Үкімет Үйі» әкімшілік мекемесі бейнеленген тоғыз тауар белгісі мен ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенаты ғимараттары бейнеленген 6 тауар белгісін тіркеді. 

Бұл туралы ҚР Президенті іс басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Тіркеу туралы куәлікті ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті 2023 жылға дейінгі жарамдылық мерзімімен халықаралық тауар классификациясындағы барлық 45 класс бойынша берді.

«Осылайша ҚР Президенті іс басқармасы тауар белгісінің иесі ретінде 1957 жылы 15 маусымда Ницца Келісімімен бекітілген тауар мен қызметтің халықаралық классификациясында қарастырылған барлық класс бойынша өзіне тиесілі тауар белгілерін пайдалану мен басқарудың ерекше құқығына ие», - делінген хабарламада.

Аталған тауар белгілерін тиісті шартсыз пайдаланған өзге тұлғалар ҚР заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылады, деп еске салады баспасөз қызметі.

0 пікір
Мұрағат