Алматыда ислам қаржысына қатысты халықаралық семинар басталды
Алматыда ислам қаржысына қатысты халықаралық семинар басталды
10 жыл бұрын 3048

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлағандай, оңтүстік астанамызда «Қазақстанда ислам қаржысын дамыту келешегі» деп аталатын халықаралық семинар басталды. Елімізде ислам қаржысын дамыту жолдары қарастырылған осынау маңызды бұл шараға ҚР Ұлттық банк пен Ислами қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кеңес (IFSB)  мұрындық болған. ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев бұл салада Орта Азия мен ТМД елдеріне бағдарланатынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш аймақта 75 млн-нан аса мұсылман бар екен. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Данияр Ақышев мырза ислам қаржысының келешегі жарқын болатынына сенімді. Сондай-ақ, ол нақты экономикаға ислам капитал нарығының тигізер оң әсерін сарапқа салды. Оның айтуынша, бұл саланы өркендету үшін ислам қаржысының мамандарын даярлаудан бастап, тиісті заңнамалар қабылдағанға дейінгі аралықтағы үлкен істер атқарылып жатыр.

0 пікір
Мұрағат