Алаш ардақтысының аты масондар ұйымына берілгені қалай?
Алаш ардақтысының аты масондар ұйымына берілгені қалай?
9 жыл бұрын 6283 freemasonry.kz

2015 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыда Ресейдегі бөлімнің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет Әлейхан Бөкейхановтың атындағы масондық бөлім ашылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі қоғамдастықтың баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Кешке Ресей мен Грузияның сыйлы қонақтары шақырылды. Іс-шараға қатысқан бөлімнің кей мүшелерінің фотосы әдейі бұлдыратып берілген.

«Қазақ жерінде Еркін тасшылар орденінің ресми түрде негізі қаланды» – дейді Ресейдегі бөлімнің шебері Андрей Богданов.

Андрей-Богданов

Андрей Богданов

“Бұл Еркін тасшылар бауырластығының әлем бойынша тізбегінде Қазақстанның масондығын мойындатудың  алғашқы қадамы”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Кеш соңында Қазқаcтан эстарадасының жұлдыздары концерт қойды.

Масонство-в-Казахстане-15

Масондар бөліміне қазақтың қоғам қайраткері, этнографы, журналисі, “Алаш” партиясының көшбасшысы Әлейхан Бөкейхановтың есімін берді.

Масонство-в-Казахстане-13

0 пікір
Мұрағат