4 жыл бұрын қайтыс болғандарға зейнетақы төленіп келген
4 жыл бұрын қайтыс болғандарға зейнетақы төленіп келген
10 жыл бұрын 2998

Елімізде қайтыс болғандардың атына зейнетақы аударылып келгені белгілі болды. Осыған байланысты 396 жағдай тіркелген. Олардың атына аударылған қаржы мөлшері де анықталды: 27 млн теңгеден асады.  

Tengrinews.kz  ақпарат көзінің хабарына қарағанда, осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған әйелдің атына зейнетақы аударылып келген. Астана қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ, асыраушысынан айырылғандарға берілетін арнайы мемлекеттік және әлеуметтік төлемдердің заңдылығына қатысты тексеру жүргізгенде осындай заңсыз оқиғалардың орын алғаны белгілі болды. Тексеру барысында орталық қызметкерлерінің қайтыс болғандардың тізімін ай сайын тексеріп отырмағандығы, осылайша өз қызметтеріне салғырт қарағандығы анықталды. Сонымен қатар, баяғыда есептен шығарылса да жұмысынан айырылғанына байланысты кейбір тұлғаларға 17 млн 400 мыңнан аса теңгенің негізсіз төленіп келгендігі де әшкере болған.

0 пікір
Мұрағат