Үндістан турист қыздар үшін ең қауіпті ел болып танылды
Үндістан турист қыздар үшін ең қауіпті ел болып танылды
9 жыл бұрын 5228

Турист қыз-келіншектердің өмірі үшін ең қауіпті мемлекет Үндістан деп танылды. Аталған тізімді The Daily Mail басылымының редакциясы әзірледі.

Оған ең қауіпті деген он мемлекет еніп отыр. Үндістанның бірінші орын алуының басты себебі - елге саяхаттап келген қыз-келіншектер жергілікті тұрғындар тарапынан жиі зорланады.

Үндістанның қылмыстарды тіркеу ұлттық бюросының мәліметінше, әрбір 20 минут сайын елде зорлық-зомбылық фактісі бойынша бір қылмыс тіркеліп отырады екен.

Ал екінші орынға Бразилия жайғасқан. Мұнда да қыз-келіншектер жиі зәбір көреді. 2012 жылы 2009 жылмен салыстырғанда зорлау қылмысы бірден 157 пайызға өскен.

Туристердің сүйікті мекеніне айналып үлгерген Түркия елі де қыздар үшін қауіпті дейді The Daily Mail. Зорлы-зомбылық түрік жігіттері тарапынан сырттан келушілерге жиі көрсетіледі екен. Ал ол туралы елде мүлдем тіс жаруға болмайды.

Турист қыздар үшін ең қауіпті 10 мемлекеттің тізімі мынадай: 1. Үндістан 2. Бразилия 3. Түркия 4. Таиланд 5. Египет 6. Колумбия 7. Оңтүстік Африка Республикасы 8. Марокко 9. Мексика 10. Кения

0 пікір
Мұрағат