Ұлттық киім күні туралы бастаманы Мәдениет министрлігі қолдады
Ұлттық киім күні туралы бастаманы Мәдениет министрлігі қолдады
10 жыл бұрын 4256

Осыдан екі күн бұрын ұлттық киім күнін белгілеу турасында жазушы Арман Нұрмұханбетовтың бастама көтергені жайында хабар таратқан едік. Мұндай күнді белгілеуді халықтың өзіне қалдырғаны турасында да айтқанбыз. Тек тойлар мен Ұлыстың ұлы күнінде ғана еске түсетін ұлттық киімді дәріптеуде, ұрпақты патроиотизмге тәрбиелеуде маңызы зор осындай игі шара халық тарапынан қолдау тауып жатса, ұлтымыздың ұпайы түгенделе түсер еді. Әрі жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеуіне серпін беретін жоба болар еді. Ұлт мерейін асыратын мұндай күн жылдың жылы мезгілінде белгіленсе деген ниеттерін де білдірген болатын бастамашыл топ. Олардың бұл бастамасы билік тарапынан, дәлірегі, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі тарапынан қолдау тапты. Аталмыш құзырлы орынның жетекшісі Арыстанбек Мұхамедиұлы тек қазақтың ұлттық киім күнін ғана емес, сонымен қатар, елімізде тұратын әр ұлт үшін осындай мерейлі күнді белгілеуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл бастама жоғарыдан берілетін жарлықтың негізінде емес, халықтың өз қалауымен жүзеге асуы тиіс. 

 

0 пікір
Мұрағат