Төтенше жағдайлар: Индонезияның солтүстігінде жер сілкінді
Төтенше жағдайлар: Индонезияның солтүстігінде жер сілкінді
9 жыл бұрын 3566

Индонезияның солтүстігіндегі Рихтер шкаласы бойынша 5,2 балдық зілзаланың арты цунамиге ұласты. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Индонезия мен Филиппиннің Тынық мұхитындағы шекарасында орналасқан Талауд архипелагынан оңтүстік шығысқа қарай 101 шақырым қашықтықта байқалған. Осынау табиғат апатының салдарынан адам шығыны болды ма, ол туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, Индонезия жер шарындағы ең сейсмологиялық қауіпті аймақта орналасқан әрі Тынық мұхитындағы отты шеңбердің (аса қуатты техтоникалық жер қыртысы) бір бөлігі болып табылады. 2009 жылы мыңнан аса адам Батыс Суматра провинциясындағы аса қуатты жерасты дүмпуінің бірнеше рет қайталануынан қаза тапқан болатын. 2004 жылы Суматраның батыс жағалауында аса күшті зілзала болып, оның арты цунамиге ұласқан еді. Нәтижесінде 12 елде жүз мыңдаған адам опат болды.  

 

Техаста метанол тасымалдаған пойыз релстен шығып кетті

АҚШ-тың Техас штатына қарасты  Вэлли Милс елді-мекенінен алты мил қашық жатқан жерде метанол тиелген пойыздың релстен шығып кетуіне байланысты тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. 40 вагонның 12-сінің релстен шығып кеткеніне не себеп болғаны белгісіз. Техастың қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметіне қарағанда жеті вагонда бұрғылау құбырлары, ал қалған бесеуінде метанол құйылған цистерна болған. Сыртқа шығып кеткен метанолдан ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, метанол (метилді спирт) мен оның буы аса улы болып келеді әрі адам денсаулығына аса қауіпті. Бірнеше грамның өзі адамды сеспей қатырады.

0 пікір
Мұрағат