|
Таудың ұшар басынан 55 жыл бұрын жоғалған альпинистердің сүйегі табылды (фото, видео)
|
Мексикадағы ең биік шың болып табылатын Орисаба жанартаудың ұшар басынан осыдан 55 жыл бұрын жоғалған екі альпинистің қаңқаға айналып үлгерген сүйектері табылды. Бұл жайында Examiner ақпарат көзі хабар таратты. Құтқарушылар альпинистердің сүйегін ең ұшар шыңынан төмен қарай 300 метрден тауып алған. Айта кетейік, жанартаудың биіктігі – шамамен 5610 метр. Жарты ғасырдан астам уақыт аралығында альпинистердің денесі мумияға айналған. Чальчикомула-де-Сесма қаласының әкімі Хуан Наварроның айтуынша, үш альпинист 1960 жылы көшкін салдарынан хабар-ошарсыз кеткен болатын. Бұл – солардың сүйектері болуы мүмкін. Десе де, олардың кім екенін ДНК сараптамасы жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды