Шыр көбелек айналған түстер... (фото+видео)
Шыр көбелек айналған түстер... (фото+видео)
4 жыл бұрын 6880 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде сәулеті бір-бірін қайталамайтын сәні бөлек мешіттердің қатарында Иранның Шираз қаласында орын тепкен Нәсір Молк мешітінің жөні бөлек – өз алдына бір төбе өзгешелігімен, өрнегімен баурап алады. Бір басында бір емес, бірнеше атауы бар мешіттің бұл ерекшелігі де, яғни, түрлі атауға ие болуының астарында да аталған мешіттің сан қырлы артықшылығы жатыр. «Түстер мешіті», «Кемпірқосақ мешіті», «Құбылмалы мешіт», т.б. мұсылмандардың құлшылық үйі күн сәулесінен құлпырып, шыр көбелек айнала билеген дәурішті көз алдыңа әкеледі. Түстер биі... Алғашқы күн сәулесінен бір ғана қызыл түстен мыңдаған көбелек ұшып шыққандай әсерге бөлейді. Аталған ғибадат ғимаратын таңды таңға ұрып жырлауға болады. 1876 жылы Нәсір Молк деген атпен танымал Мырза Хасан Әлі Хан есімді Парсы провинциясының билеушісінің пәрменімен тұрғызылған мешіт құрылысы 1888 жылы аяқталады.2216 шаршы метр аумақта алып жатқан мешіттің ажарын ашатын элементтер тек түстерден тұрмайды, оның жабынқылары әлемде тек осы мешіттен ғана кездестіре аласыз. Бір қызығы, бұл мешіттің күмбезі жоқ. Сәулетші Мұхаммед Хасан-и-Мемар мен Мұхаммед Реза Қашы Паз-и-Ширази витражды (монументалды өнер түрі, декоративті өнердің бейнелеу туындысы, түрлі түсті өрнек сипатында көрініс табады) қолданғандықтан мешіттің ішкі жағы жарқын түстерден құлпырып, құбылып көз жауын алады. Хас өнер туындысына айналған мешіттің бар сұлулығын көргіңіз келсе, күз мезгілінің және қыстың орта шенінде барыңыз – қиғаш күн сәулесі шұғыладан шашу шашқан көрініске тап боласыз.

Mosque of Whirling Colours: A Mixture of Architecture and Art in Nasīr al-Mulk Mosque in Shiraz, Iran

0 пікір
Мұрағат