|
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
|
Қытайдың биотехнология нарығы жетекші биотехнологиялық компанияларға зертханалық маймылдарды жеткізу мөлшері азайғанымен нарықтың қалпына келуіне қарай маймылдардың тәжірибеге арналған түрлеріне сұранысты «айтарлықтай» ұлғайтты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайда инвестиция тарту және инновациялық дәрі-дәрмекті лицензиялау жөніндегі мәмілелердің артуы өз кезегінде биыл тәжірибеге арналған маймылдарға сұраныстың айтарлықтай өсуіне алып келгенін хабарлады Joinn Laboratories (Қытай) зерттеу компаниясы. Маймылдар жаңа дәрі-дәрмектің қауіпсіздігін және тиімділігін сынап көру үшін керек. Әлемдік фармацевтикалық алыптар Қытайдың арзан инновациялық дәрі-дәрмегін сатып алуды жалғастырған сайын зертханалық маймылдың бағасы шілде айында 200 000 юанға (29 802 долларға) жетті, бұл көрсеткіi 2025 жылдың басында 50 000 юанды құраған еді. Қытайдың медициналық өнім жөніндегі ұлттық басқармасының дерегі көрсеткендей, осы жылдың бірінші жартысында 81 аут-лицензиялық мәміледе Қытайда әзірленген дәрі-дәрмекке 110 миллиардтан астам АҚШ доллары ауыстырылды, бұл көрсеткіш 2025 жылдың жылдық құнының 80 пайызына тең. Сарапшылар дәрі-дәрмек бағасының өсуіне тәжірибеге арналған маймылдар тапшылығы себеп болған. Келісімшарттық зерттеулер жөніндегі тағы бір жаһандық ұйым - Shanghai Medicilon - шілде айында инвесторларға зертханалық маймылдардың жалпы мөлшері биотехнологиялық индустрияның қалпына келуіне байланысты қысқарғанын хабарлады. Zheshang Securities-дің наурыздағы жазбасына сәйкес, Қытайдағы зертханалық маймылдардың тапшылығы 2026-2028 жылдары 20 000-нан 15 000-нан 20 000-ға дейін құрайды. «Мао-тай зертханалық маймылдар» деп аталатын Joinn Қытайдағы биотехнологиялық дүмпуден айтарлықтай пайда көрді, 2025 жылдан бастап оның Гонконгтағы акциялары 150 пайыздан аса өскен. Жылдың бірінші жартысында Joinn компаниясы 747,5 миллион юан таза пайда көргенін хабарлады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 есе көп, негізінен «Биологиялық актив» саналатын тәжірибеге арналған маймылдар қоры бойынша аталған компания көш бастаған. Joinn мәліметіне қарағанда, 2025 жылғы желтоқсандағы мағлұмат бойынша өсіру және клиникалық емес зерттеулер үшін пайдаланылатын 20 000-нан астам маймылға ие. 2022 жылы Joinn Қытайдың оңтүстік-батысында 20 000-ға жуық маймыл қоры бар екі компанияны сатып алуға 1,8 миллиард юан жұмсады. WuXi AppTec деп аталатын тағы бір қытайлық биотехнологиялық алып Сучжоу компаниясын шамамен 804 миллион юанға сатып алды, сатып алынған компаниялардың бірі шамамен 20 000 макак маймылына ие болған.
Ұқсас жаңалықтар:
Тәжірибе жүргізілетін маймылдар тапшылығы артып келеді
Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!