Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
1 сағат бұрын 67 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр Nvidia технологиясын пайдалана отырып, құны 1 миллиард долларды құрайтын 200 мегаватты нысанға бағытталған өзінің алғашқы, аса ауқымды жасанды зерде дата-орталығын салуды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жақында Пирамидалар елінің байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Раафат Хинди жариялаған жоба жасанды зерде саласындағы екі басты әлемдік бәсекелес – Америка құрама штаттары мен Қытайдың Таяу Шығыс пен Африка құрлығы үшін технологиялық бәсекелестік аясында жүзеге асырылатын болады. Дата-орталықтың жұмысын құны 200 миллион доллар болатын, қуаты 20 мегаваттық Vodafone Business, Elsewedy Electric және Cassava Technologies арасындағы әріптестік негізінде бастапқы үш жылдық кезеңде басталады. Әлемнің ең құнды компаниясы атанған америкалық Nvidia қазіргі AI дүмпуіне ықпал етіп отыр. Бүкіл әлем бойынша арнайы салынған дата-орталықтарда орналасқан компанияның графикалық процессорлары (GPU) AI үлгілерін оқыту үшін пайдаланылады. Мысырлық дата-орталық Cassava Technologies деректеріне сәйкес «Nvidia жеделдетілген есептеу технологияларын пайдаланатын болады». Осы орайда өткен аптада Қытай басшысы Си Жипиннің Мысырға жасаған алғашқы сапары қарсаңында Bloomberg Huawei-нің Мысырдағы дата-орталығын салу туралы өтінішін жариялағанын айта кетпекпіз.  Қытайдың бұл қадамы Уашингтонды Nvidia, AMD және Microsoft компанияларының бәсекелес ұсынысын ілгерілетуге итермеледі. Си мен Мысыр президенті Әбдіфаттах ас-Сиси жасанды зерде пен озық технология саласындағы «ынтымақтастықты кеңейтуге» келісті, алайда, нақты келісімдерге қол қойылмады. Қытай басшысы кеткен күннің ертесіне, яғни, келесі күні байланыс министрі Хинди аты аталмаған «америкалық дата-орталықтарын әзірлеушілер консорциумымен» кездесті. Олар Мысырдың «деректерді өңдеудің өңірлік орталығына» айналу үшін халықаралық серіктестікке ұмтылатынын мәлімдеді. Африкада АІ инфрақұрылымына қатысты жобалардың жүзеге асырылуы басқа аймақтарға қарағанда баяу жүруде, себебі, көптеген елдерде электр желілері әлсіз. АІ базасындағы дата-орталықтар электр энергиясын әдеттегі дата-орталықтарға қарағанда бес есе көп тұтынады. Араб елдері ең көп қоныстанған Мысыр және Африканың екінші ірі экономикасы көптеген жылдар бойы энергетикалық тапшылықты еңсеруге талпынып келеді.

0 пікір
Мұрағат