|
Биологиядағы жетістік: ғалымдар ақуыздарға қателіктерден құтылуға көмектесетін жолды тапты
|
Израилдік ғалымдар халықаралық әріптестерімен бірлесіп, ақуыздардың жасушалар ішіндегі функциялық кешендерді қалай құрайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Cell ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық көптеген аурулардың, соның ішінде Альцгеймер ауруы мен обырдың кейбір түрлерінің алдын алудың және емдеудің кілті болуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу Вейцман институтының, Технионның, Женева университетінің және басқа да ғылыми орталықтардың мамандарын біріктірді. Көптеген жасушалық функциялар үшін негіз болатын ақуыздар рибосомалар өндіретін аминқышқылдардың ұзын тізбектері түрінде болады. Бұл жасушалық «фабрикалар» РНК нұсқауларын оқиды және ақуыздар істеп шығарады. Ақуыздар қалыптасқаннан кейін өз функцияларын орындауға мүмкіндік беретін күрделі үш өлшемді құрылымдарға жиналады. Алайда, кейбір міндеттерді орындау үшін ақуыздарға ерекше «серіктестер» табу үшін кешендер құруы қажет. Бұл процестердегі қателіктер нейродегенеративті аурулар мен ісіктердің пайда болу қатерін артырып қоймай, сонымен қатар, салдары ауыр зардаптарға соқтырады. Соңғы уақытқа дейін ақуыздар синтезі толық аяқталғаннан кейін ғана қажетті кешенді құрауға кіріседі деген тұжырым үстемдік еткен еді. Алайда, таяудағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш процесс ақуыз толық қалыптасқанға дейін басталуы мүмкін. Ғалымдар тобы жасушы ішіндегі қажетті кешендерді құрастыру процесінде серіктестермен өзара әрекеттесе алатын ақуыздардың ерекшелігінің құпиясын табуға талпынды. Оларды синтездеуден кейін кешендерге біріктіретін ақуыздармен салыстыра отырып, негізгі айырмашылықтарды анықтады. "Синтез процесінде өзара әрекеттесуді бастаған ақуыздар оқшауланған жағдайда тұрақсыздыққа бейім келеді. Олар бүлінбес немесе дұрыс емес форманы қабылдамас үшін серіктестерге мұқтаж", - деп түсіндірді Вейцман институтының ғылыми қызметкері Саураб Мәлік. Ғалымдар қажетті кешендерді ерте кезеңде қалыптастыратын ақуыздардың байланыстыру нүктелері оларды синтездеу кезеңінде белсенді болатынын анықтады. Бұл ақуыздарға өздерінің «серіктестерін» тез табуға және қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл мәліметтер ақуыз кешендерінің қалыптасуындағы қателіктерді болдырмайтын жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.