Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
3 сағат бұрын 95 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бейнебақылау камерасы бүгінде барлық жерде қолданылады десе де болады. Қоғамдық орындарды былай қойғанда үйде де орнатылған. Ол ол ма, ноутбукпен жұмыс істесек те камераның алдында отырғанымызды бірде байқасақ, бірде байқай бермейміз. Ғалымдар өзін сырт көз бақылаған адамның бойында саналы түрде өзгеріс орын алатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Neuroscience of Consciousness Psychology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта таяуда арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, бейнебақылау адам бойында еркінен тыс, яғни, бейсаналы реакция тудыратын болып шықты. Соның ішінде, психикасына әсер ететіні анықталды. Сидней технологиялық университетінің (Австралия) ғалымдарының тұжырымынша, бейнебақылау адамдардың туабітті адамның түрін тану қабілетін өзгертеді. Эволюция барысында ғасырлар бойы қалыптасқан бұл табиғи тетік өз кезегінде қоршаған ортада кездесуі ықтимал қауіп-қатерді дер кезінде байқауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйесімен жабдықталған бүгінгі таңда адамдар мұндай табиғи қабілетінен немесе қасиетінен айырылуы ықтимал. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында түрлі көріністе адам бейнелеріне қатысты раекция жылдамдығы бағаланды. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бойынша мынадай қорытындыға келіп отыр: тәжірибеге қатысқандарды ынталандыратын түрлі визуалды бейнелер көрсетілді және олардың бет бейнелерінің пайда болуына реакциясының жылдамдығын бағалады. 54 адамның жартысына сынақ жүргізіліп жатқандығы алдын ала хабарланған. Бақылау тобы үшін кабинадан камералар алынып, қатысушыларға бейнетрансляцияның өшірілгенін көрсетті. Тест нәтижелері бойынша ғалымдар бақылаушы топқа қарағанда бейнебақылау жүргізілгендер адамдардың бейнесін орта есеппен секундқа жуық уақыт жылдам байқағанын анықтады. Бұл ретте тәжірибеге қатысушылардың өздері реакциясының артқанын сезінбеді, сондай-ақ, өздерін бақылау фактісіне алаңдаушылық білдірмеген. Жаңа зерттеу авторлары түсіндіріп өткендей, адамдарды тез тану қабілеті адамдардың әлеуметтік өзара іс-қимылында маңызды рөл атқарады. Мысалы, жанындағы адамның белгілі бір мәселеге қатыcты көзқарасын аңғаруға, айналасындағылардың ойын басқаруда және олардың мінез-құлқын болжауға көмектеседі. Сонымен қатар, кейбір патологиялық жағдайларда, мысалы, психоз және мазасыздану кезінде, адамдар өзіне біреу қарап тұрғандай сезімнен арыла алмайды. Ғалымдар бейнебақылаудың жалпы халықтың психикасы мен денсаулығына қалай әсер ететінін мұқият зерттеу қажеттігін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат