Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
2 сағат бұрын 85 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам ДНҚ-ның үлгісінен белгісіз «сана иесімен» байланысты бөлікті  тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа Зеландияның Опсон Веджвуд есімді медициналық химия бойынша білікті маманы адам ДНК-сында жазылған генетикалық кодтың күрделілігін құдыретті Жаратушының барына дәлел болатынын алға тартып отыр. Оның пікірінше, қазіргі ғылым генетикалық нұсқаулықтар жүйесінің шығу тегін және оның ақуыздармен байланысын Жаратушының құдыретінсіз толық түсіндіре алмайды. Органикалық медицина химиясының докторы және дәрі-дәрмектерді әзірлеу жөніндегі маман Опсон Веджвуд адамның генетикалық жүйесін абстрактілі нұсқаулықтар шифрленген күрделі тілмен салыстырды. Оның айтуынша, ДНҚ-ның күрделілігі оның ерте кездегі Жердегі химиялық процестердің нәтижесінде кездейсоқ пайда болу ықтималдығын жоққа шығарады. Ол, сондай-ақ, ДНК мен ақуыздардың өзара тәуелділігін көрсетеді: генетикалық кодта ақуыздарды өндіру үшін нұсқаулықтар бар, ал ақуыздар осы ақпаратты көшіріп алу және оқу үшін қажет. Ғалым дәл осы өзара байланысты өмірдің табиғи жолмен пайда болған деп ұйғаратын теорияның  шикілігін көрсетеді. Опсон Веджвуд алғашқы өмірдің пайда болу тетігін толығымен түсіндіруге кедергі келтіретін үш негізгі қиындықты бөліп көрсетеді: химиялық, статистикалық және тұжырымдамалық. Оның айтуынша, статистикалық проблема аминқышқылдардан функциялары өте күрделі ақуыздардың кездейсоқ қалыптасуының ықтималдығы өте төмен. Бұдан басқа, ғалым ішкі затты ұстап тұруға және оның генетикалық нұсқаулықтар жүйесімен бірге үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге қабықша қажеттігіне назар аударады. Ғалымның пікірінше, тау жыныстарының микропораларындағы алғашқы химиялық жүйелер немесе көпіршікке ұқсас құрылымдар туралы қазіргі гипотезалар күрделі жасушалық механизмдердің қалай пайда болғандығын түсіндіріп бере алмайды. Опсон Веджвуд өзінің «DNA: The Elephant in the Lab» кітабында ДНҚ-ның ақпараттық табиғатына назар аударады. Ғалымның пікірінше, генетикалық кодтың күрделі жүйесінің өзі өмірдің пайда болу тегінің бір құдыретті күшке меңңзейді және болашақта белгілі бір Жаратушының бар болуы туралы идеяның пайдасына аргумент ретінде қарасытырылуы мүмкін. Зерттеушінің дәйекті уәждері Жаратушының бар екендігін әйгілеуден бұрын ДНҚ құрылымының күрделілігін түсіндіруге және өмірдің шығу тегінің жекелеген болжамдарын сынауға негізделген. Бұл ретте ғалымдар өлі материяның алғашқы тірі жүйелерге қалай бастау бергенін әлі нақты анықтай алмады, десе де жауаптың табылмауы өмірдің пайда болу тегін жоққа шығармайды. Өмірдің шығу тегінің басты болжамдарының бірі - «РНК әлемі». Ол ДНҚ мен ақуыздарға дейін ақпаратты сақтауға және эволюция барысында біртіндеп күрделене отырып, химиялық реакцияларды іске қосуға қабілетті қарапайым молекулалар болған, деп болжайды ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат