|
Cаудия қыспақта қалды: тақ мұрагері жаңа одақтас іздеуге көшті
|
Иран мен хуситтер Саудияны екі жақтап қыспаққа алды. Осыған байланысты тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман негізгі бағыттарды қорғау үшін жаңа одақтас іздеуге мәжбүр. Бұл жайында islam.kz порталы хабарлайды. Хуситтердің қарқыны қатты: әлемдік сауда-саттық транзитінде маңызды орын алатын Бал әл Мандыб бұғазында күш алып келеді. Ал Иран Үрміз бұғазындағы кеме қатынасын ішінара бұғаттап тастады. Әрі әскери әрі дипломатиялық байланыс орнату үшін тақ мұрагері Мысырға аттануы мүмкін. Өйткені, Мысыр да Таяу Шығыстағы шиеленістен зардап шеге бастаған ел. Мысыр экономикасының есесі кетіп, мүддесіне соққы берілді. Тақ мұрагері мен Мысыр басшысының кездесуінде Қызыл теңіздің қауіпсіздігі мен Баб әл Мандыб төңірегінде қалыптасқан күрделі ахуал, жалпы аймақтағы тұрақсыздық талқылануы мүмкін. Мәселе сонда – Мысыр бұл шеленіске араласа ма? Саудияның хуситтермен қарулы қақтығысы өңірлік дағдарыс шеңберінен шығып барады. Стратегиялық сиапт алып барады. Саудия мұнайының бір маңызды бағытына қауіп төндіру арқылы. Соңғы жаңалықтарға қарағанда, хуситтер Баб әл Мандыб бұғазына жақын аумақтарды, Моха айлағы мен Қызыл теңіздегі аралдарды қоса алғанда, Йемен жағалауының стратегиялық маңызды аудандарына бақылауды кеңейткен. Бұл аудан халықаралық кеме қатынасы үшін стратегиялық маңызға ие: Баб әл Мандыб арқылы кемелер Аден шығанағынан Қызыл теңізге және одан ары Жерорта теңізіндегі Суэц арнасы арқылы қатынайды. Сонымен бір мезгілде шығыста Парсы шығанағынан негізгі теңіз шығысы – Үрміз бұғазы ауданы Иран факторының бір бөлігіне айналған. Осылайша, Сауд Арабиясы өте жағымсыз сценариймен бетпе-бет келіп отыр. Мұнай экспортының бір негізгі бағыты Иранның қысымына ұшыраса, екіншісіне хуситтер тарапынан үнемі қауіп төнуі мүмкін. Бұдан бөлек, елдің шығысынан Қызыл теңізге мұнай тасымалының баламалы бағытындағы инфрақұрылымға хуситтер соққы берген болатын. Reuters ақпарат ресурсының хабарына қарағанда, Саудия Америка құрама штаттарынан көмек сұраған. Дәлірегі, Жидда қаласында адмирал Брэд Купер тақ мұрагерімен кездескен: америкалықтар әскери ұрысқа тікелей араласпайды. Алайда, барлау деректерін жинауға көмектеседі. Міне, осындай себеппен тақ мұрагері Мысырға аттануы мүмкін. Хуситтерге қарсы бірігіп тойтарыс беруді қозғап көрмек. Хуситтер Қызыл теңіздегі кеме қатынасын бұғаттау арқылы Мысыр экономикасына қыруар шығын келтіреді. Мысыр бюджетінің немесе мемлекеттік қазынасының негізгі тіректерінің біріне айналған Суэц каналынан түсетін кіріс күрт құлдырап кетті. 11 млрд доллар шығын көрген аз уақытта. Саудияның да, Мысырдың да экономикалық мүдделері осы Қызыл теңізде тоғысады. Алайда, Мысыр билігінің қақтығысқа аралсуға саяси ерік-жігері жете ме, алдағы уақытта белгілі болады.