Сәулет: Заһа Хадид – осы заманғы сәулет өнерінің алғашқы жарық жұлдызы (фото)
Сәулет: Заһа Хадид – осы заманғы сәулет өнерінің алғашқы жарық жұлдызы (фото)
9 жыл бұрын 4501

Заһа Хадид – әйелдер арасында әлем бойынша сәулет өнерінің алғашқы жарық жұлдызы. Біздің кейіпкеріміз 1950 жылы тарихы тым арыда жатқан, сәулеті бір-бірін қайталамайтын әйгілі Бағдат шаһарында дүниеге келген. Ол бала шағынан сәулетші болуды армандаған. АҚШ-тың Бейрут университетінде математика факултетін тәмамдаған. Содан соң Лондон мегаполисіндегі сәулетшілер қауымдастығының архитектура мектебінде білім алды. Ол 30 жасында осы қалада  Zaha Hadid Architects архитектура бюросын ашып, жекелеген тұлғалардың тапсырысын орындайды. Оның жобалары халықаралық бәйгелерге қатысады. Сондай еңбектерінің бірі – Гонконг жотасындағы «Пик» жобасы 1983 жылы жүлделі орынға ие  болды. Осы кезден бастап, оның атағы алысқа тарайды. Оған қолқа салып, аттай қалап жұмысқа шақыратындардың қарасы көбейеді. 2004 жылы сәулет саласы бойынша Нобел сыйлығына пара-пар Притцкеров сыйлығына тарихта тұңғыш рет ие болған әйелдің бұдан бөлек марапаттары да жетерлік: Британ империясының  ордені, Америкалық Бейрут университетінің құрметті докторы, т.б. Оның қолтаңбасы осы заманғы сәулет өнерінің бағыт-бағдарына айналды десе болады. Қазіргі уақытта ол Британияда тұрады және ұдайы қозғалыста: түрлі көрмелерге, халықаралық бәйгелерге қатысады, сәулет өнеріне қатысты кітап жазып жатыр. Оны феминист деп жазғыратындар бар. Ол: «Жоқ, мен феминистер байрағын желбіретпеймін. Мен әйелдердің бойында қабілетке, оны орындайтын күш-жігеріне сенемін», - деп жауап берер еді. 

 

Футбол стадионы 2022, Катар

 

Эр-Риядтағы метроның алтын станциясы, Саудовская Аравия

 

Beko Masterplan көпсалалы кешені, Белград, Сербия

 

Манхеттендағы тұрғын үй, АҚШ

 

Гонконгтағы политехникалық университет, Қытай

 

Бетховен атындағы фестиваль кешені, Бонна 2020, Германия

 

40 қабатты қонақ үй, Макао, Қытай

 

Халықаралық мәдениет және өнер орталығы, Чанша, Қытай

 

Signature Towers, Дубай, БАӘ

 

Opus Office Tower, Абу-Даби, БАӘ

 

Олимпиядалық стадион, Токио 2020, Жапония

Бернем павильондары, Чикаго,  АҚШ

Барвих, Ресей

0 пікір
Мұрағат