|
Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова қайтыс болды
|
Құранды орыс тіліне аударған аса танымал ресейлік кәсіби аудармашы Валерия Порохова қайтыс болды.
Құранды орыс тіліне аударған аса танымал ресейлік кәсіби аудармашы Валерия Порохова қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып, Расул Тавдиряков есімді блогер Facebook желісінде жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Порохова осы жылдың мамыр айында 79 жасқа келген.
"Иман Валерия Порохова қайтыс болды. Ресейлік кәсіби аудармашы-синхронист және мұсылман қоғам қайраткері. Ол 12 басылым болып шыққан Құранды орыс тіліне аударып, үлкен танымалдылыққа ие болған еді" , - деп жазды Тавридяков.
Қаралы хабарды естіген желі қолданушылары бірден қайғыға ортақтаса, марқұмның отбасына көңіл айтты.
Оған қоса, Валерия Порохованың қайтыс болғаны туралы танымал ресейлік діни қайраткер Вячеслав Поросин да жазды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)