|
Интернет арқылы білім алатындар қарасы рекордтық көрсеткішке жеткен ел
|
Қытайда интернет арқылы, дәлірегі, білімді онлайн режимінде алатындар қарасы жылдан жылға өсіп келеді. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл онлайн режимінде білім алатын тұрғындар қарасы 31 млн адамға артып, жалпы саны 232 млн адамға жеткен. Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі желілік ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақты санға шаққанда бүгінгі таңда қытайдағы интернет пайдаланушыларының төрттен бірі онлайн-білім бағдарламасын пайдаланады. Онлайндық білім бағдарламасы, әсіресе, мектеп пен білім беру мекемелері жетіспейтін ауылдық жерлерде тұратындар үшін қолайлы болып тұр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қытайда биыл интернет пайдаланушыларының қарасы 854 млн адамға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)