Қостанай облысында росомахаға ұқсас аң табылды
Қостанай облысында росомахаға ұқсас аң табылды
9 жыл бұрын 4700

Торғайдан белгісіз аң табылды. Бойы түлкі шамалас, түсі қызыл-қоңыр, басы аюға ұсқайтын аңды Қарағаш қонысының қасынан Таңат Тәжібаев деген малшының иттері ұстап алған. 

Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы аумағынан белгісіз аң табылды. Бойы түлкішамалас, құйрығы ұзын, түсі қызыл-қоңыр,басы аюға келіңкірейтін хайуанатты, Көкалатселосынан 7 шақырым жердегі Қарағаш қонысындағы Таңат Тәжібаев деген шаруаныңбалалары тауып алған. Фермердің ұлы Дулат Тәжібаев таңертең мал жайлауғабарғанда белгісіз аңның өлексесін көреді. Қораның іргесінде дейін келген оныиттер талап өлтіріпті. Жергілікті тұрғындар «ғажайып» хайуанатты «Росомахаға»ұқсатып отыр. Қазақстанда кездеспейтін аңның, Торғай жеріне қалай келгенібеймәлім. Аңның өлі денесі шаруаныңқорасында ілініп тұр. Айтуларынша, салмағы 10-15 келі шамасында. 

 

0 пікір
Мұрағат