"Мерейлі отбасы" байқауында 1298 отбасы бақ сынады
"Мерейлі отбасы" байқауында 1298 отбасы бақ сынады
9 жыл бұрын 5145 baq.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын өткізу және Қазақстандағы отбасылық саясатты жүзеге асыру жайында баяндадады. 

- Еліміздегі отбасылық-демогарфиялық жағдайды жақсарту және осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Елбасының арнайы тапсырмасымен республика көлемінде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын ұйымдастырып отырмыз. Алғаш рет өткізіліп жатқанына қарамай, байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 1298 отбасы үміт білдірді, - деді ол.

Махаббат Сансызбайқызының айтуынша, ұлттық байқаудың аймақтарда ұйымдастырылған алғашқы кезеңінен республикалық турға жолдама алған 16 отбасы осы күндері Астанаға келіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат