|
Малайзия мұсылмандары хэллоуиннан бас тартуда
|
Ислам ғалымдары Малайзия тұрғындарын осы жылы ұйымдастырылатын хэллоуин мерекесіне байланысты жиындарға қатыспауларын өтінді. Бұл шаралар адамды Құдайсыздыққа алып баратын идеология екенін баса айтты. "Мұндай шаралар адамды моральды және діни жағынан әлсірету болып табылады. Бұл мерекелерді көбінесе діннен хабары жоқ адамдар өткізеді" - деді малайзиялық мұсылман ұйымдарының бірінің басшысы Абдулла Заик Рахман.
Өз кезегінде Ислам ғұламасы Азан Хасан өзінің әріптестерінің пікіріне сүйене отырып: "Хэллоуин - әрбір мұсылманның иманын сынға алатын нәрсе" деді. Октоберфест және хэллоуин сияқты мерекелер адамды тура жолды тайдыруға атсалысады, мұсылман әлеміне үлкен бәле ала келеді дейді өзге де ғалымдар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды