Қағба кілтін сақтаған кісі қайтыс болды
Қағба кілтін сақтаған кісі қайтыс болды
9 жыл бұрын 4831 ansar.ru

Өткен бейсенбі күні Қасиетті Қағбаның кілтін көзінің қарашығындай сақтаған шейх Абдул-Қадір Таха әл-Шәйби (Abdul Qadir Taha Al-Sheibi) дүниеден озды. Осындай құнды жәдігердің сақтаушысы болу бақытына ие болған кісі небәрі 74 жаста жарық дүниемен қоштасты. Алла ол кісіге разы болсын! Жаны жәннатта болғай!

 

Қағбаның кілтін сақтау Исламға дейінгі кезеңде де әл-Шәйби әулетінің міндеті болатын. Бұл әулеттің арғы тегі сахаба Шәйб бин Осман ибн Талха барып тіреледі екен. 

Шейх Абдул-Қадір Таха әл-Шәйби Жидда ауруханасында көз жұмды. Ол кісінің жаназа намазы Әл-Харам мешітінде болып, оған көптеген адамдар жиналды. Содан соң ол кісіні әйгілі әл-Муал мазарына апарып жерледі. Бұл қабірстанда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйікті жары Хадиша анамыз, көкесі мен атасы жерленген. 

Шейх Абдул-Қадір өзінің көкесі қайтыс болғаннан кейін Қағба кілтін төрт жыл бойы сақтады. Өткен жылы Қағбаға жаңа құлып салып, су жаңа кілтін сол кісіге ұсынған болатын.

Ендігі кезекте Қағабаны ашып, жауып, жуып тұру міндеті доктор Салих Таха әл-Шәйби мырзаға жүктеліп отыр. Ол кісі әл-Шәйби әулетінің беделді бір мүшесі болып табылады. 

0 пікір
Мұрағат