Жануарлар әлемі: Орангутанг сабынмен жуынды (видео)
Жануарлар әлемі: Орангутанг сабынмен жуынды (видео)
9 жыл бұрын 4764

Борнеода орын тепкен ұлттық бақтағы маймыл Кевин есімді 31 жастағы канадалық фотографтың сабынын алып, ер адамнан көргенін істеп, оның әрекетін қайталады, яғни, үстін сабындады. Бұл жайында Су Mirror ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, орангутан сабын көпіршігін жалап, маймылдығын істеген. 

 

Африкада көлік есігін тісімен ашқан арыстан туристерді шошытты (видео)

Арыстан апалы-сіңлілі Кайлин мен Синди Сазерлендті олардың көлігінің есігін тісімен ашып, зәресін алған. Бұл тосын оқиға қыздардың ата-анасы еңбек ететін Оңтүстік Африкада болған. Бұл жайында nur.kz сайты "Independent" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Автокөлікпен арыстандар үйірінің жанынан өткенде арыстандардың бірі оған жақын келіп, тісімен есігін ашқан. Абырой болғанда, көлік жолаушылары жапа шеккен жоқ.
Қыздар жедел түрде есікті жауып үлгерді. Осыған ұқсас оқиға 2009 жылы болған. Ол кезде Оңтүстік Африкада Йоханессбургтегі сафари-саябағында арыстан "Тойота" көлігінің артқы есігін тісімен ашқан.
Зәресі ұшқан жүргізуші бастапқыда абыржып қалып, кейін есін жиған сәтте шұғыл жүріп кеткен. Арыстан автокөлік соңынан жүгірген, алайда, сафари-саябағына кірер жердегі күзетші оны тас лақтырып қуып жіберді.

 

Сиырды "нокаутқа түсірген" қой ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

YouTube желісінде екі жануардың күш сынасқан видеосы пайда болды.
Ірі қараның қойға қарағанда анағұрлым ауыр, үлкен болғанына қарамастан, "күш сынасу" барысында қошқар сиырды сұлатып түсірді.
Ауыр соққы алған екі жануар да жерге күмп етіп құлай кетеді, алайда аздаған уақыттардан соң қой аяғынан тұруға күш табады. Ал сиыр болса "нокаутқа" түсіп кетті.
Өкінішке қарай, бұл көріністің қайда, қашан түсірілгені және жануарлардың жағдайы белгісіз.

 

 

Палестиналық тотықұстар күніне 3 шыныаяқ кофе ішеді (видео)

Палестинаның Газа қаласында зоодүкен қожайыны тотықұстарға кофе ішкізіп үйретіп, уақыт өте келе, бұл тотықұстар кофеинге тәуелді болып қалған. Бұл жайында nur.kz cайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Дүкен иесі 4 жастағы какаду Рико мен оның екі жастағы жолдасы Кокоға соңғы үш айдан бері күн сайын 3 шыныаяқ кофе беруді әдетіне айналдырған, оқта-текте шай беріп отырған.
Тотықұстардың кофені ұнатқаны соншалық, сусынды ішкенде дауыстап әнге басатынды шығарған. Уақыт өте келе, Рико мен Коконың кофеинге тәуелділігі байқалған.
Адамдар кофе ішіп отырғанда оларға шабуыл жасап, қолындағы кофе құйылған кесені тартып алуға дейін барады. Әншейінде ешкім бас сұқпайтын дүкенге жергілікті тұрғындар тотықұстарды көру үшін келе бастаған.
Кофеин құстар үшін өте улы сусын болып саналады. Сондықтан ветеринарлар құстарды кокеин сүт, шоколад, алкоголь және тұз қосылған тамақтармен және сусындармен қоректендірмеуге кеңес береді.

 

Галапагос аралдарының құрамына кіретін Пинсонда жаңа туылған тасбақалар табылды

Жануарлардың сирек кездесетін бұл түрі осыған дейін толық жоғалып кеткен еді. Олардың жаппай қырылуына аралға XIX ғасырда әкелінген қара егеуқұйрықтар шабуылы себеп болған. Егеуқұйрықтар тасбақалардың ұрықтары бар жұмыртқаларды жеп қойып, қырған. Піл тасбақа деп аталатын бұл түрдің ең соңғысы 2012 жылы 100 жасында өмірден өтті. Табиғат жанашырлары жоғалып бара жатқан тасбақаларды құтқару амалдарын жасады. Олар аралда қалған жұмыртқаларды жинап алып, басқа жақтарда өсіргеннен кейін Пинсонға қайтарып отырды. Ал экологтар аралдағы барлық егеуқұйрықтарды жойды. Енді Пинсоннан жаңадан туылған тасбақаларды тапқан ғалымдар: «Жануарлар өз бетінше көбейе береді және олардың болашағына төніп тұрған қауіп жоқ», - деген пікірде.

0 пікір
Мұрағат