Жалпайған мешіт жамағаттың наразылығын тудырды (фото)
Жалпайған мешіт жамағаттың наразылығын тудырды (фото)
7 жыл бұрын 3803 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран астанасында салынып жатқан мешіт осы заманғы озық үлгі саналатын сәулет стилінде болғандықтан, яғни, ультра стилдегі, футуристік мешіт құрылысының жобасы консервативтік тұрғындардың көңілінен шыққан жоқ. Ол ол ма, Иран қоғамында талас-тартысқа айналып, арты дау-дамайға ұласқан жайы бар. Тегеран қаласындағы 1979 жылы соғылған театрдың жанынан тұрғызылуы тиіс мешіт аталған мәдениет ошағымен сәулеті үйлесіп тұруы тиіс-тұғын. Теңіздегі толқынды еске түсіретін Уәли Аср деп аталатын бұл мешіт дизайнын Реза Данишмир есімді ирандық сәулетші Катерина Спиридоноффпен бірге сызған еді. Консервативті орта мұнарасы мен күмбезі болмағаны үшін оны ғибадат ғимараты деп мойындамайтынын айтып жатыр. "Театр сәулеті үшін құрбандыққа шалынған мешіт" деп күсталағандар да болды. Айта кетейік, дау тудырған бұл мұсылмандардың бұл құлшылық үйі он жылдан ашылып қалады.

 

0 пікір
Мұрағат