Иран 2023 жылы шамамен 550 миллион долларға дәрілік шөптер экспорттады
Иран 2023 жылы шамамен 550 миллион долларға дәрілік шөптер экспорттады
1 ай бұрын 406 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның cауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының ауылшаруашылық комиссиясының жетекшісі өткен жылы (2023 жылдың 21 наурыз айынан 2024 жылдың 19 наурызына дейін) шамамен 550 миллион долларға емдік шөп түрлерінің экспортталғаны туралы дерек келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Iran Agrofood 2024» деп аталатын 31-ші халықаралық азық-түлік, тағам технологиясы және ауыл шаруашылығы көрмесі аясында сөйлеген сөзінде Мұхаммед Әлі Реза Иранның қазіргі уақытта дәрілік өсімдіктерді Еуропа елдеріне, Қытайға және араб әлеміне экспорттап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл өнімдердің 60 пайызы шафран өнімдерінің экспортына, ал қалған 40 пайызы дәрілік шөптердің экспортына тиесілі. Осылай деген ол өткен жылы елден экспортталған дәрілік өсімдіктердің құнын шамамен 550 миллион долларға жеткенін баяндады.

0 пікір
Мұрағат