Құмар ойынханаларымен аты шыққан өңір мұсылман туризіміне басымдық береді
Құмар ойынханаларымен аты шыққан өңір мұсылман туризіміне басымдық береді
1 ай бұрын 433 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге казиноларымен әйгілі болған Қытайдың оңтүстігіндегі Макао арнайы әкімшілік аймағы туризм индустриясын әртараптандыру стратегиясының бір бөлігі ретінде соңғы айларда мұсылман туризміне көңіл бөлуде. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде TTG Asia ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макао билігінің туризм жөніндегі директоры Мария Хелена де Сена Фернандес үкімет пен жергілікті туризм индустриясының ойыншылары мұсылман туризмінің әлеуетіне айрықша мән беретінін және ислам әлемі елдерінен туристерді қарсы алуға дайындық шаралары қабылданғанын мәлімдеді. Макао туризм басқармасы 2024 жылдың ақпан айында туризм индустриясының өкілдеріне ислам әдебі мен мәдени аспектілері бойынша тренингтер өткізетін «Макао сізді қарсы алады» оқу бағдарламасын ұйымдастырды, сондай-ақ, халал сертификаттау стандарттарымен танысты

0 пікір
Мұрағат