|
БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары болып мұсылман сайланды.
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары болып, тарихта тұңғыш рет мұсылман адам сайланды. Осынау аса жауапты қызметке иорданиялық дипломат әрі ханзада, 50 жастағы Зеид Раад Зеид әл-Хұсейннің кандидатурасын БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ұсынған болатын. Ол осы қызметіне үстіміздегі жылдың тамыз айында кіріседі. Батыста жоғары білім алған ол БҰҰ қабырғасындағы Иорданияның тұрақты өкілі қызметін қоса атқара береді. Ол бұл қызметін он жылдан бері атқарып келе жатыр. Бас ассамблеяда сөйлеген сөзінде ол БҰҰ-ның жоғарғы комиссарлығына Азиядан және араб-мұсылман әлемінен алғашқы болып сайланған адамның өзі екенін тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды