Брендке айналған түріктердің ағартушылық қоры
Брендке айналған түріктердің ағартушылық қоры
3 жыл бұрын 1698 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның ағартушылық қоры халықаралық аренада білім беру саласы бойынша білікті әрі тәжірибелі мамандар мен сапалы білімнің арқасында танылып, толағай жетістікке жеткен қор. Аталмыш қордың әрекет ету географиясы Африка құрлығынан Латын Америкасына дейін, Еуропадан Азияға дейінгі аумақты алып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш қордың 10-шы кеңесу жиынын ашқан қор жетекшісі  сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның мәлімдеуінше 2020-2023 ылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес бұл бағытта білім берудің сапасын арттыру мен стандарттау жұмыстары жалғасын табады. Осылай деген ол аталмыш қордың тарихына тоқтала кетті: ағартушылық қор өз қызметін 2016 жылы әлемнің 5 елінде бастап, 2017 жылы 18 елде, ал 2019 жылы 39, 2020 жылы 42 елде жұмыс істеген. Жылдан жылға қанатын жайып келе жатқан қор бұл көрсеткіштермен тоқмейілсіп қалмай, биыл да Қырғызстан мен Оңтүстік Африка Республикасында білім беру ордаларын ашатынын жария етті. Ал осы жылдың аяғына дейін ағартушылық қор қызметін жүзега асыратын елдер қарасын 50-ге жеткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді. «Бүгінгі таңда қор өкілдіктері 52 елде жұмыс істеп, 67 елде жобалары жүзеге асырылып жатыр. Биылғы қор желісі 354 білім беру мекемелерін, 44 елде 41 жатақхананы (онда 43 мың шәкірт жатады) қамтиды», - деді ол нақты деректер келтіріп. Түркияның жұмсақ күшін танытуы тиіс қордың білім беру мекемелерінің қабырғасында қоғамдық ғылымдардан бөлек, информатика, әлеуметтану, тілдер оқытылады. Бұдан бөлек, B2 деңгейінде түрік тілі оқытылады.

Бирол Ақкүн

0 пікір
Мұрағат