|
Үш жастағы бала қасиетті Құраннан сүрелерді жатқа оқып, зерделі алғырлығымен тәнті етіп жүр (видео)
|
Сабыр Ағабердиев есімді 3 жастағы әзірбайжандық бала қасиетті Құраннан сүрелерді жатқа оқып, интернет кеңістігінде танымал болды. Екі жасында әліппені меңгеріп, өзі оқып үйренген болатын. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлі кішкентай болса да зеректігімен көзге түскен Сабырдың әкесі Жәбірдің айтуынша, оны ұйықтатар алдында балаларға арналған тақпақтар оқып беруді әдетке айналдырған екен. Содан соң қасиетті Құраннан сүрелерді жаттаған. Бұдан бөлек, әзірбайжандық вундеркинд әзірбайжан ақындарының өлеңдері мен кейбір шетелдік сөздерді де жаттап алған, жүзге дейін санай алады. Оқып-жаза алады, суретті де салады, теледидардан викториникалық хабарларды көруді ұнатады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)