|
Археологтар Иса пайғамбардың тұрған үйін тапты
|
Ұлыбританиядағы Рединга университетінің археологтары шамамен Иса пайғамбар туып-өскен үйді тапқан. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі Biblical Archeology Review басылымына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Иса пайғамбар туып-өскен үй Назарет қаласының маңынан табылған. Бұл үй біздің дәуіріміздің аалғашқы ғасырында салынған.

Сонау XIX ғасырдың соңында зерттеушілер Иса пайғамбар туып-өскен үйді қайдан іздеу керектігін айтып кеткен болатын. Қазба жұмыстары 2006 жылы ғана қолға алынған болатын.

Иса пайғамбар туып-өскен үйді сипаттайтын құжаттардың бірі De Locus Sanctis деп аталады. Ол біздің дәуірімізде 670-ші жылы жазылған. Ғылыми топтың жетекшісі Кена Дарканың сөзіне қарағанда қазба жұмыстары әлі толық аяқталмаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды