Тағдыры да, тарихы да жұмбаққа толы билеушінің өзі сан ғасыр бұрын бұл дүниеден өткенімен, оның көзіндей болған киімдері мен тұтынған заттары әлі күнге мұражайларда көз жауын алып тұр. Сол құнды жәдігерлердің арасында Невскийдің дулығасы бар. Бір қызығы, орыс тарихындағы ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген оның қайраткерлігіне куә болған бұл бас киімнің жиектері араб жазуымен көмкерілген екен. Дулығаның бел ортасындағы жазу Құрандағы "Сафф" сүресінің 13-ші аяты екенін ғалымдар нақтылап отыр. Қазақша мағынасы: "Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. (Мұхаммед Ғ.С.) мүміндерді қуандыр"(61:13). "Уә башшир әл-муминин" - "Мүминдерді қуантыңдар". Бұл - Құранда жиі кездесетін тіркес.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды