"Айтыс" атты тұңғыш қазақстандық мессенджер пайда болды
|
!["Айтыс" атты тұңғыш қазақстандық мессенджер пайда болды](https://static.islam.kz/uploads/images/nWc/Xse/3Ba6uwI1Xh7rePe5-lg.jpg)
Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Айтыс" (iTys) атты тұңғыш қазақстандық мессенджердің таныстырылымы болды.
Бұл туралы Қазақпарат nur.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев пен жоба жетекшісі Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, бұл шартарапқа тарап кеткен Whatsapp-тың қазақстандық баламасы болмақ. Яғни iTys тұңғыш рет қазақстандық мамандар жасап шығарған жедел хабар алмасуға арналған мобильдік қосымша.
"iTys орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, ең бастысы қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде хабар алмасуға болатындығымен ерекшеленеді. Бұл оны қазіргі кезде қолданыста жүрген белгілі мессенджерлерден даралап, әрбір қазақстандыққа арналған, толықтай ұлттық ІТ-өнім ретінде таныта алады. Жаңа отандық өнім мемлекеттік тілді дамытуда, үш тұғырлы тіл және қазақ тілін қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық ортаға бейімдеу туралы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерге толығымен сай келеді", - деп атап өтті Азат Шәуеев.
Оның айтуынша, iTys қосымшасының ең басты ерекшелігі - оның ұлттық мәнерде айшықталған, мемлекеттік тілде қолдануға болатын эксклюзивті интерфейсі мен мәзірі.
Яғни iTys-тағы смайликтер қазақтың ұлттық нақышында жасалған. Сонымен қатар, қосымшаның тағы бір маңызды қыры - басқа мессенджерлер сияқты қолдану үшін төлем талап етпейді. Кез келген адам оны iTys.kz сайтынан тегін жүктеп алып, тегін қолдана алады. Мұндай қызмет әлемдегі бір де бір мессенджерде жоқ екен.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)