Зиянкес жәндікпен бактерия көмегімен күресетін болады
Зиянкес жәндікпен бактерия көмегімен күресетін болады
3 жыл бұрын 2565 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік Тюмен мемлекеттік университетінің ғалымдары зиянкес жәндіктермен, соның ішінде паразитті кенемен бактерия көмегімен күресуді ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында ресейлік ғалымдар паразитті кенелердің зиянды биологиялық ерекшелігін бұғаттау үшін пайдалы кенелерді де зерделеуге тура келген. Ол үшін симбионт бактериясын пайдалануға болатынын алға тартып отыр: аталмыш бактерия өз қожайынын қабілетіне әсер ете отырып, оны патогендерден қорғайды және организмнің патогендерге бой бермеуіне әсер етеді. Осы мақсатта ғалымдар кененің симбионт бактериясы түрлерінің құрамын анықтап алды. Осы деректің негізінде кене жұмыртқасындағы, организіміндегі және қоректенетін ортасындағы батериялық қауымдастықтың салыстырмалы сараптамасын жасады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының X-BIO институтының аға ғылыми қызметкері Павел Климовтың айтуынша, Wolbachia және Cardinium бактерияларын кенеге жұқтырған кезде кененің өзге бактериялар қауымдастығы аталған бактериялар жұқпағандарына қарағанда күрт өзгереді әрі бұл топтағы бактериялар өзге бактерияларды ығыстыра алатын болып шыққан. Осылайша Wolbachia және Cardinium бактериялары патогендерді биологиялық тұрғыдан бақылауға мүмкіндік беретін келешегі зор әдісті прайдалануға мүмкіндік бермек. Ғалымдар осы жаңалықтың негізінде зиянкес жәндіктермен экологиялық жағынан зиянсыз әдісін әзірлеуді көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат