Күн сәулесінің көмегімен теңіз суын 25% тиімді жолмен тұшшыландыруға болады
Күн сәулесінің көмегімен теңіз суын 25% тиімді жолмен тұшшыландыруға болады
3 жыл бұрын 2847 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдар халықаралық әріптестерімен біріге отырып, теңіз суын тұшшыландырудың мейлінше тиімді алгоритмін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде кеңінен тараған эасыл энергия генераторы болып табылатын құрастырмалы құрылғыда – күн сәулесімен теңіз суын тұшшыландыратын қондырғы шағын турбиндермен жабдықталған. Ғалымдар өздерінің әдісімен оның тиімділігін 15%-25%-ға арттыруға қол жеткізе алады. Бұл бағыттағы зерттеу мәтініне қарағанда, күн сәулесімен бу генерациялау құрылғысындағы будың мөлшерін жарықты сіңіріп алатын өзгешелігі бар нанобөлшектерді суға қосу арқылы арттыруға болады. Мәселен, темір немесе графит тотыңының нанобөлшектерін қосуға болады. Аталмыш жүйенің үлкен артықшылығы сонда – онда алтын мен күмістің бөлшектері болмайды. Мұндай бөлшектер қолданылатын қондырғымен суды тұшшыландыру қымбатқа түседі. Ал ресейлік ғалымдардың ұсынып отырған бұл тәсілі бойынша теңіз суын күн сәулесімен залалсыздандыруға болады. Генератор прототипінің жаңа технологиясы 5 кВт қуатқа дейін жұмыс істеп, 200 см2 булануды қамтамасыз ете алады. Мұндай әдіспен тұшшыландырылған сұйықтық нанодеңгейде де улы болмайды. Сол себепті, бұл суды ауыл шаруашылығында қосымша тазартудан өткізбей-ақ пайдалана беруге болады.

0 пікір
Мұрағат