Вируста сана бар ма? (жалғасы)
Вируста сана бар ма? (жалғасы)
3 жыл бұрын 3568 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы мына сілтемелерде: https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-14375/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14386/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14398/#gsc.tab=0

4. Вирус бізбен қалай тілдеседі?

Микробиомдардың біздің денсаулығымызға әсері туралы ғылыми деректерден тек зиянды бактериялардың ғана емес, сонымен қатар, өмір сүруімізге аса қажетті микроорганизмдердің болатынын да білдік. Джошуа Ледерберг есімді ғалым «Инфекция тарихында» вирустарды құбыжық көре беру әдетінен арылуымыз керектігін жазыпты. Әлбетте, вирустар ауру мен өлімге апарады, алайда, олардың мақсаты – эволюция, адам мен өзге де тіршілік иелеріне түрлі патологияға қарсы тұруына жәрдем беретін беретін көмекшіге айналғанша – адам организімі оны жатсынбай қабылдағанша ғана патология тудырады. Бактериофаг мысалында келтіргеніміздей, иесінің организіміндегі барлық жасуша өлгенде вирустардың да күні қараң қалады – өз иесінің түбіне тез жететін гиперагрессивті штамдар еркін қозғалу мүмкіндігінен айырылады немесе эволюциялық тығырыққа тіреледі. Бұл тарапта тек белсенділігі жоғары емес штамдар ғана өз генін тарата алады. Джонатан Эпстейн есімді көрнекті америкалық эпидемиологтың жазуынша, жаңа ортада вирус дамыған сайын оның ауыр әсері кеміп, өзіне де, иесіне де қолайсыздық тудырудан қалады. Әдетте өмірдің өзі солай емес пе - жаңашылдықты жатырқай қарсы алады. Жаңа вирус әдетте агрессивті болып келеді, өйткені, ол түр аралық кедергіден өтті. Яғни, бір түрден екінші түрге өту үшін беймәлім кедергілерді еңсеруге тура келді. Йел университетінің (Жапония) иммунобиологы Акико Ивасакидың айтуынша, вирустар адам организіміне тап болғанда не болғанын түсінбейді. Сол себепті, олар өздерін агрессивті ұстайды. Бұл мәселеде адам да жетісіп тұрған жоқ: белгісіз вируспен бетпе-бет келгенде біздің иммундық жүйеміз кенеттен төнген қауіпке өретүрегеліп қарсы тұрамын деп өз-өзін бақылаудан қалады. Дәлірегі, организмнің өз тінін зақымдай отырып, аса қуатты қабынуға жол ашады. Міне, иммундық жүйенің осындай гиперреакциясы пандемияға қарсы тұруда адамның вирустан ойсырай жеңілуіне себеп болып жатады. Адам организімі мен вирус өзара ортақ тіл табысқанша бұл арпалыс созыла береді. Осы орайда мынандай факторды айта кету керек: адам мен вирус эволюциялық жетілуіне орта керек болғаны үшін бір-біріне әсер етпейді. Адам жасушасы да вирустың РНҚ-сын жинауға әрі модификациялауға тікелей араласады. Ал вирустер өз иесінің генімен тікелей байланысу арқылы оның жасушасына өзінің генетикалық кодын енгізеді. Вирус – біздің геніміздің әлеммен тілдесу тәсілдерінің бірі. Яғни, вирус арқылы ақпарат жинап, қорын байытады десе де болады. Кейде бұл диалог күтпеген нәтиже беруі мүмкін. Шаранаға айналып келе жатқан ұрықты анасының организімімен байланыстыратын құрылымның – плаценттің пайда болуы өз кезегінде сүт қоректілер эволюциясындағы аса маңызды кезең ретінде тарихта қалады. Ал оның қалыптасуына аса қажетті синтицин ақуызы «қолға үйретілген» (яғни, адам организімінің бір бөлшегіне айналған) ретровирус генімен кодталатынын көпшілік біле бермейді. Ежелгі заманда вирус синтицинді тірі организмдердің жасушасын жою үшін пайдаланғанын да біле бермейді. Антрополог Шарлотта Бивенің жазуынша, адам мен вирустың өзара әсері мен ықпалдастығы шет-шегі жоқ, алма-кезек жеңіс пен жеңілістен тұратын соғысты немесе жаппай қарулануды көз алдыңа әкеледі. Бұл кесте тілінде былайша бейнелеп өрнектеуге болады: инфекцияның пайда болуы мен оның байланыстың ғаламдық желілері арқылы тарауы және түптің түбінде оның қарқынының тежелуі немесе жойылуы... Мұның бәрі адамдардың мыңдап, млн-дап қырылуымен, азаппен және үреймен қатар жүретін процесс. Десе де мұның басқа да жағы барын естен шығармау керек. Мәселен, Arc нейрондық геннің қалай пайда болғанын алайықшы: ол синаптикалық икемділікке жауапты – жүйке жасушаларының жаңа жүйке байланыстарын қалыптастыруға әрі орнықтыруға қабілетін айқындайды. Мұндай геннін айырылған тышқан қандай да бір нәрсені үйрене алмайды және ұзақ мерзімді жадысы болмайды. Аталмыш геннің шығу тегін зерттей келе ғалымдар оны қалыптастыратын ақуызды тапты: олардың молекулалары өздігінен АИТВ вирустық капсидтеріне ұқсас құрылымдарға (вирустың РНҚ-сын қорғайтын ақуыз конверттері) қосылады. Содан соң олар тасымалдаушы мембраналық көпіршіктеріндегі нейроннан бөлініп шығып, басқа нейронмен қосылып, өзінің құрамындағысын шығарады. Осылайша естелік вирустық инфекция секілді беріледі. Осыдан 350-400 миллион жыл бұрын сүтқоректілер организіміне ретровирус тап болып, нәтижесінде Arc нейрондық гені пайда болған. Вирус тәрізді бұл ген бүгінде біздің нейронымызға ойлау қабілетін жүзеге асыруға көмектесіп жүр.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат