Вирус жұққан жасушаларда бұтақтар пайда болуда
Вирус жұққан жасушаларда бұтақтар пайда болуда
4 жыл бұрын 3613 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжді тажал вирусы жұққан жасушаларда қармауышқа ұқсайтын, арқан тәрізді филоподия (өте жұқа цитоплазматтық проекция, жасуша мембранасынан алыс кететін бұтақтар) пайда болуда, ол көрші жасушаға вирус жұқтыруы мүмкін. COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2 жұққан адам жасушасында пайда болатын бұтақтарды ғалымдар микроскоп арқылы байқаған. Бұл бұтақтардың вирустың таралуына ықпал ететіні немесе етпейтіні әзірге белгісіз. Мұндай филоподия сау жасушаларда да кездеседі. Олардың міндеті әр түрлі болып келеді. Мәселен, кейбірі қандай да бір дерт шалған тұстан белгі беретін химиялық сигналды табады, сол арқылы органзим қалпына келтіру процесін іске қосады. Коронвирус та жасушада филоподияның өсуіне ықпал етеді. Кейбір вирустар, мысалы, Эбола вирус жұққан жасушада филоподия арқылы саяхаттап, келесі жасушаға өту үшін пайдаланады. Германиядағы Фрайбург университетінің биологы Роберт Гросс бұл бұтақтарды «көлік магистралі» атап кетті. Тәжді тажал вирусына қатысты филоподияның рөлін анықтау үшін жаңа зерттеу жүргізуді қажет етеді. Ең бастысы – оның өзге жасушаларға да вирусты жұқтыру қатерінің бар-жоғын білу немесе вирустың жұғуына кедергі келтіретінін немесе келтірмейтінін білу үшін зерттеу жүргізу қажет. Нэшвилдегі Вандербильт жоғарғы оқу орнының медициналық орталығының вирусолгы Марк Денисон мұндай зерттеудің не үшін қажет екенін осылай түсіндіріп отыр. Бұл филоподияда СК2 ақуызы бары белгілі болды. Ол SARS-CoV-2 вирусының жұғуына қарсы жасушаның төзімділігін артырады. Яғни, аталмыш ақуыз тәжді тажал вирусынан емдеп жазуға көмектесетін болашақ дәрінің негізі ретінде алға шығады.

0 пікір
Мұрағат